Алматыда Құлжа тас жолында екінші ХҚКО құрылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Құлжа тас жолында екінші жүргізушілерге арналған арнайы Халыққа қызметк өрсету орталығы құрылады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

«Алатау ауданында орналасқан арнайы ХҚКО біздің қаламызға аздық етіп отыр. Болашақта Құлжа тас жолында учаске белгілеп алып, сол жерге екінші арнайы ХҚКО-ны салуды жоспарлап отырмыз», - деді Алматы әкімі ХҚКО-ның баяу жұмысына шағымданған тұрғындардың сауалына жауап бере отырып.

Шаһар басшысы арнайы ХҚКО ашыла салған кезде өте тиімді жұмыс жүргізгенін, кейін «көлденең көк аттылардың» кесірінен делдалдықтың өршіп кеткенін атап өтті. «Қалалық ІІД «делдалдарды» анықтаумен айналысып жатыр. Оларды ақша алып тұрған жерінен ұстау керек», - деді А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар