Алматыда құдықта ұзын-сонар кезек пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы құдықта ұзын-сонар кезек пайда болды. «Алматы Су» кәсіпорны жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күні бойы су жоқ! Олар апат болды дейді. Бір ғана құдық бар. Адамдар кезек үшін бір бірімен жанжалдасып жатыр. Ауыз су алатын құдық Молдағұлова- Ақинов көшесінің қиылысында орналасқан», - деп жазды желі қолданушы.

«Алматы Су» ММ баспасөз қызметінің мәліметінше, сумен жабдықтау желілерінде апатқа қатысты жұмыстар жүргізілді.

«17 мамырда сағат 05:00-ден 24: 00-ге дейін Чернышевский-Ақынов-Молдағалиев-Толстой көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға уақытша суық су беру шектетілді»- деп хабарлады «Алматы Су» ММ

Компания апаттық жағдай туралы алдын ала білу мүмкін емес екендігін атап өтті.

№9 емхананың жанындағы Р.Зорге көшесіне және Сауранбаева 24, мамандандырлған халыққа қызмет көрсету орталығына үш автоцистерна су жеткізілді. Уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - деп атап өтті компаниядағылар.


Соңғы жаңалықтар