+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Алматыда құдыққа түсіп, уланып қалған «Алматы су» қызметкерлерінің жағдайы ауыр

2020 жылғы 2 маусым 11:54
Бөлісіңіз:
Алматыда құдыққа түсіп, уланып қалған «Алматы су» қызметкерлерінің жағдайы ауыр

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда кәріз құдығына түсіп уланған «Алматы Су» қызметкерлері өте ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арқалықта этанолдан уланған 11 адам көз жұмды Селфи жасау үшін электр бағанасына шыққан жасөспірімді тоқ соқты – Алматы облысы Алматы облысының тұрғыны қонаққа келген тұрғынның көлігін ұрлап, апатқа ұшырады

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 25 және 42 жастағы екі адам №7 қалалық ауруханаға шұғыл жеткізілген.

«Жансақтау бөлімінде реаниматолог, травматолог, нейрохирург мамандар науқастарды қарап шықты. Барлық клиникалық диагностикалық шаралар жасалды. Олар күкірт сутекті газымен уланған. Орталық жүйке жүйесі зақымдалған. Уытты энцефалопатия диагнозы қойылды. Екеуі де комада жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Таңға жақын да жағдайлары өзгермеді»- деді басқармадан.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда ХҚО қызметікерінің кәріз құдығына түсіп, уланып қалған екі азаматты құтқарғанын жазған болатынбыз.

Кәсіпорын бұл оқиғаға байланысты түсінік берді.

«1 маусымда «Алматы су» кәсіпорнының қызметкерлері коммерциялық ұйымдардың су есептеу құралын тексермек болған. Қызметкерлер қателесіп судың емес, кәріз жүйесінің қақпағын ашып қараған. Соның кесірінен газ буымен уланған. Қазір кәсіпорында қызметтік тексеру жүріп жатыр. Негізінде «Алматы су» қызметкерлері есептеу құралдарының көрсеткішін тіркеумен ғана айналысуы тиіс. Құдықтарға түсу мүлде олардың міндетіне кірмейді», - деді «Алматы су» МКК.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT