+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда құдық ішінде уланып, есінен танып қалған екі адамды құтқарған азамат марапатталды

2020 жылғы 15 шілде 14:45
Бөлісіңіз:
Алматыда құдық ішінде уланып, есінен танып қалған екі адамды құтқарған азамат марапатталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Наурызбай ауданының ХҚО маманы Ержан Әбдіразақовты Басқарма төрайымының алғыс хатымен марапаттады. ХҚО қызметкері құдыққа құлап, уланып қалған екі жігітті құтқарған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді Оралда екі көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20-ға жуық адам эвакуацияланды Павлодарда 13 жасар жасөспірімді көлік қақты

Сондай-ақ Ержанға мемлекеттік корпорацияның кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбек даңқы» медалі табысталды.

Басқарма төрайымы мен кәсіподақ ұйымы атынан берілген екі марапатты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалының директоры Данияр Қырықбаев табыс етті.

Өз атынан филиал басшысы Ержан Әбдіразақовқа естелік сыйлық – қол сағатты сыйға тартты.

Естеріңізге салсақ, 1 маусымда Алматы қаласының Наурызбай аудандық ХҚО қызметкері Ержан Әбдіразақов өз өмірін қатерге тігіп, екі адамды ажалдан құтқарып қалды. Кәріз құдықтарының бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізген «Алматы Су» компаниясының қызметкерлері жұмыс кезінде газ түтінімен уланып, есінен тана құлаған. Ержан Әбдіразақов оларды құтқару үшін құдыққа алғашқылардың бірі болып түсті.


Екі адамның жанына араша болған Ержан олардың хал-жағдайын біліп қана қоймай, уланғандардың бірі Нұржан Қалбайды ауруханадан шығарып алған. Зардап шеккен екінші азамат Асқар Қайназаров ауруханадан шілде айының басында шығарылды.

«Төменге түсу керек пе, жоқ па деген ойыма да келмеді, оларды өлімнен аман алып қалу керек. Сол сәтте өзімді емес, соларды құтқару ғана ойымда болды. Екі азаматтың да ауруханадан шыққанына және дін амандығына қуаныштымын. Бұл – мен үшін ең қымбат сый», – дейді Ержан.

Айта кету керек, Ержанның ерлігін естіген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев оған қоңырау шалып, батылдығы үшін жеке алғысын білдірді.


«Ержан Әбдіразақов мемлекеттік корпорацияда 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ол өз ісінің білгір маманы екенін бірнеше рет дәлелдеді. Біздің ұжымда осындай адал және жауапты қызметкердің жұмыс істейтінін біз мақтан тұтамыз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Алматы қалалық филиалының директоры Данияр Қырықбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT