Алматыда құбырлардың коррозиясын болдырмайтын жапондық жабдық орнатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құбырлардың коррозиясының пайда болуын болдырмау және пайдалану мерзімін ұзарту бойынша жапондық жабдық орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Mitsui & Co және Japan System Planning жапон компаниялары алғаш рет Алматы қаласындағы пилоттық жоба аясында құбырлардың ішкі коррозиясын жою үшін ыстық сумен жабдықтау құбырында (диаметрі 108 мм) NMR Pipetector технологиясын қолданды.

Тоттануға қарсы жабдықты орнату су сапасын жақсартады және құбырлардың қызмет ету мерзімін 40 жылға дейін ұзартады, бұл мемлекеттік бюджеттен желілерді қайта жаңарту мен жаңғыртуға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

2018 жылы «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бірлесіп NMR Pipetector технологиясы 14 өңірде ТКШ субъектілеріне таныстырылды. Қазақстанның ең ірі қаласында құбыр ұзындығы ең үлкен жабдықтарды пилоттық сынауға бірінші болып «Алматы Жылу Желілері» ЖШС қызығушылық танытты.

NMR Pipetector-суық және ыстық су сору, жылумен жабдықтау және кондиционерлеу жүйелерінің болат құбырларының үстіне бекітілетін құрылғы. Бұл құрылғы белгілі бір ұзындықтағы электромагнитті толқынды жасайды, ол еркін электрондардың пайда болуымен су молекулаларының үлкен кластерлерін азға бөлуге әкеледі.Гидратталған электрондар суда ерітілген қызыл ржавчинаға түседі және оны біртіндеп ерімейтін қара ржавчинаға (магнетит) айналдырады. Магнетит құбыр қабырғаларында орналасады және құбырдың қызмет ету мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік беретін қорғаныс пленкасын жасайды. Осылайша, құрылғы құбырды нығайтады және қызмет мерзімін ұзартады және артық темірден суды тазартады.

Жапондық делегация өкілдері жабдықтың тиімділігін дәлелдеу үшін компания мамандары ай сайынғы негізде Темірдің судағы құрамы және құрал орнатқанға дейін және кейін магнетит мөлшері бойынша талдауларды жүргізетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар