Алматыда құбырдың жарылуынан келген шығын есептеліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құбыр жарылып, ыстық судың буынан жол көрінбей қалды. Атап айтқанда, Абылай хан және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы құбыр жарылып, жолдың бетон қабаты тас-талқан болды.

«Алматы жылу желілері» МКК ресми өкілі Ян Гириннің айтуынша, диаметрі 800 мм болатын құбыр 28 жыл бойы ауыстырылмаған. Бұл жылыту маусымынан кейінгі гидравликалық сынақ барысында анықталды.

Құбырдағы судың температурасы 60 градус болған.

Ыстық су жертөлеге толып қалған. Қазір келтірілген шығын есептеліп жатыр. Шығынның бәрі сақтандыру компаниясының есебінен төленеді.

Ян Гириннің айтуынша, Алматыдағы жылу құбырларының 65%-ы 25 жылдан бері ауыстырылмаған.

Былтыр 20 шақырым құбыр жөнделді. Биыл 4 шақырым құбыр жөнделеді.

Соңғы жаңалықтар