Алматыда құбыр жарылып, көшелерді су басты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Мыңбаев көшесінде су құбыры жарылып солтүстік ағытта орналасқан көшелерді, әсіресе Әуезов көшесін су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мыңбаев көшесі 49 мекенжайында су құбырының жарылуына байланысты сағат 3:40-тан бастап солтүстік ағытта орналасқан көшелерді, әсіресе Әуезов көшесін су басты. Су Райымбек даңғылына дейін жеткен, ол жерден мүмкіндігінше арық желісіне бұрылып жатыр»,- деп хабарлады Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан.

Көктайғақтың алдын алу үшін Алматы тазалық МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, тротуарларға 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті.

Апаттың салдары бүгінгі күннің аяғына дейін реттелетін болады.

«Су басқан орындарда көктайғақ жабынының пайда болу ықтималдылығын ескере отырып, жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайтып, апатты жағдайды туындатпас үшін оқыс әрекеттер жасамауға, аталған аумақтарды мүмкіндігінше айналып өтуге, жаяу жүргіншілерді тротуарлармен жүргенде сақ болуға шақырамыз», -деп атап өтті басқармадан.


Соңғы жаңалықтар