Алматыда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй сусыз қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы Су» МКК баспасөз қызметінің мәліметінше, Абылай хан мен Гоголь көшелерінің қиылысында құбыр жарылып, Абай - Сейфуллин - Жібек жолы - Панфилов шаршысындағы бірнеше тұрғын үй сусыз қалған.

«Жарылған құбырдың диаметрі 150 мм. Бұл учаске 1970 жылдары жүргізілген екен. Апат сағат 18:00-ге дейін қалпына келтіріледі. Ыңғайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар