Алматыда құбыр ауыстыру жұмыстарына байланысты жүздеген үйде ауыз су ажыратылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ертең жүздеген үйде ауыз су ажыратылады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Уақытша қолайсыздықтар апатты құбырларды ауыстыру жұмыстарына байланысты туындап отыр.

Атап айтқанда, қалалық коммуналдық қызмет өкілдері Д-500мм, Д-600 мм құбырларды қалалық су құбырына қосады.

Соған байланысты ертең 08:00-ден 20:00-ге дейін № 2 ықшам ауданындағы № 1-59, №3 ықшам ауданындағы № 1 - 43, № 4 ықшам ауданындағы № 1-8, № 5 ықшам ауданындағы № 1-20, № 6 ықшам ауданындағы № 1-63, №7 ықшам ауданындағы № 1-35, № 8 ықшам ауданындағы № 1, 7а, 10, 10а, 11, 37, 39, 46, 83, 87, 87а, № 9 ықшам ауданындағы № 1-69/3, 10 ықшам аудандағы № 1-23а, 57,57а, 59а,59б, 11 ықшам аудандағы № 1- 34а, 12 ықшам аудандағы № 1-11а үйлерде суық су болмайды.

Тұтынушылардың сұрауы бойынша білім және денсаулық орталықтарына ауыз су жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар