+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Алматыда куәлігінен айырылса да, мас болып көлік жүргізуді қоймаған 300 адамға айыппұл салынды

2020 жылғы 23 қыркүйек 14:01
Бөлісіңіз:
Алматыда куәлігінен айырылса да, мас болып көлік жүргізуді қоймаған 300 адамға айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 302 жүргізуші мас күйінде көлік айдап, жүргізуші куәлігінен айрылса да, рөлге отырғаны үшін 10 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында үш күнде 21 мас жүргізуші ұсталды СҚО-да полиция жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды Елордада рұқсат етілмеген жерден өткен 200-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

«Заң талаптары күшейтілсе де, кейбір жүргізушілер мас күйінде рөлге отыруды жалғастырып отыр. 2020 жылы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608, 612, 613 бабы бойынша санкциялар қатайтылды. Құқық бұзғандар 20 тәулікке дейін қамалады», - деді қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері алкогольге, токсикологиялық, есірткіге масайып алған 847 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

835 адам сот шешімімен әкімшілік жазаға тартылды.

Одан бөлек, ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 612-бабы 3-бөлімімен көлік айдау құқығынан айрылса да, рөлге отырған 302 жүргізуші жазаланды.

Оларға 10 498 018 теңге айыппұл салынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT