Алматыда куәлігі жоқ жүргізуші қоғамдық көлік айдаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық көліктің жүргізушісі жалған жүргізуші куәлігімен ұсталды. Белгілі болғаныдай ер адам 2021 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

«Алайда С. есімді азамат жалған жүргізуші куәлігін жасап, заңды айналып өтпекші болды. Құқық бұзушы № 85-бағыттағы қоғамдық көлікті басқарып келе жатып, автовокзал маңындағы аялдамада ұсталды. Оның жеке басын тексеру кезінде жалған құжаттың пайдаланғаны анықталды, сонымен қатар оған жолаушыларды тасымалдауға мүмкіндік беретін санаттар шеберлікпен қосылған. Көлікті тоқтатқан сәтте ішінде 40-тан астам жолаушы болды. Аудандық Полиция басқармасында жалған құжат жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Полиция өкілінің айтуынша, жүргізушіге және оның құжаттарын дұрыс қадағаламаған автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Айта кетейік, Алматыда 2022 жылдың 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында жол-көлік оқиғаларының және оның зардаптарының ауырлығын алдын алуға және азайтуға бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық айлығы өтіп жатыр.


Фото: polisia.kz



Соңғы жаңалықтар