Алматыда ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаттары марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті.

Үздік репортерлік жұмыс номинациясы бойынша жүлделер «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Амалбеков Бақбергенге, өңірдегі қоғамдық-саяси оқиғаларды жедел көрсеткені үшін Солтүстік Қазақстан облыстық «Неделья СК» газетінің тілшісі Кондратова Александраға табыс етілді.

Экономикалық шолу номинациясы бойынша «Казахстанская правда» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Горбунов Сергейге; Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму туралы талдау материалдары үшін Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Мұсабеков Ерсінге берілді.

«Дат-Общественная позиция» және «Новая газета - Казахстан» республикалық газеттерінің шолушысы Жүнісова Жұмабике Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму жолдары туралы талдамалық шолулары үшін «Саяси шолу» номинациясында үздік деп танылды.

Үздік журналистік зерттеу ретінде «WikiLeaks» сайтын құрған австралиялық журналист-блогер Джулиан Ассанждың жұмысы танылды.

Үздік Ізденіс материалы номинациясы бойынша жүлде Атыраудың «Ақжайық» газетінің бас редакторы Қайырханов Сабырға Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған материалдар сериясы үшін табыс етілді. Үздік телевизиялық жұмыс номинациясы бойынша «Астарлы ақиқат» және «Другая правда» телевизиялық бағдарламаларын ұйымдастырған «Коммерциялық телевизиялық арнаның» тележүргізушілері Төлепберген Дина мен Шахматов Алексей қара үзді. Сондай-ақ, «Бізге өзгеруге көмектесетін дәрігер-адам» деректі фильмі үшін ПИК телестудиясының ұжымы (жетекшісі Жәнібек Сүлеев) марапатталды. Үздік медиа-жоба номинациясы бойынша марапат «Вечерний Талдыкорган» газетінің ұжымына - Жетісудың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын көрсетудегі шығармашылық ізденістері үшін берілді. Қазақстан журналистика академиясы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры, профессор Бауыржан Жақыпты марапаттады. Қазақстан Журналистер одағы мен «Казинпресс» қауымдастығы Амангелді Ахметәлімовтің атындағы сыйлықпен Қазақстанның ақпараттық қызметін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін қоғам қайраткері Әміржан Қосановты марапаттады. Халықаралық «Казахстан-ZAMAN» газеті Рақымбай Ханалы атындағы сыйлықпен фотожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фототілшісі Шерім Мұхтарды марапаттады. Бейбіт Құсанбек атындағы жас телепублицистер үшін жеке сыйлығымен «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Маржан Көкішева марапатталды. Қазақстан Журналистер одағының дипломдарымен баспасөзді қолдағаны және журналистермен өзара түсіністігі үшін: Астана және Қазақстан митрополитіАлександрдың, Қазақстан журналистикасы ардагері Айтбаева Афризаның, А.Н.Сызганов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығы бас директоры Арзықұлов Жеткергеннің, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі ақпарат департаменті директоры орынбасары Байбосынов Жанболаттың, «Вечерний Алматы» газеті бас редакторы Жоров Николайдың, Орал қаласы әкімінің бұрынғы баспасөз хатшысы Жүсіпқалиев Ибрагимнің, «Қазақтелеком» АҚ президенті Есекеев Қуанышбектің, ҚР Халықаралық баспасөз институты ұлттық комитет төрағасы Ережепов Болаттың, Қазақстан баспасөз клубы президенті Қарауылова Әселдің, «Каспий банк» АҚ директорлар кеңесі төрағасы Ким Вячеславтың, Астанадағы Ұлттық баспасөз клубы вице-президенті Мәженов Құдайбердінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоры Мұтанов Ғалымқайырдың, Қазақстан бас редакторлар клубы вице-президенті Тоқтағазин Мұратбектің қызметтері атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар