Алматыда ҚР ақпараттандыру және байланыс комитетінің экс-басшылары үйқамаққа алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ақпараттандыру және байланыс комитетінің экс-басшыларына қатысты үйқамаққа алу түрінде жүзеге асатын бұлтартпау шарасы қабылданды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Мырзахметов хабарлады.

Медеу аудандық сотының шешімен «Қазақтелеком» АҚ басшысы Батыр Махамбетажиев, комитеттің бұрынғы басшысы Болат Берсебаев, оның орынбасары Бек Арпабаев екі айға үйқамаққа алынды.

Олар іс сот қарауына жеткенше, яғни 25 мамырға дейін бақылауда болады.

Айта кету керек, ҚР Ақпараттандыру және байланыс комитетінің бірнеше лауазымды тұлғалары мен «ҚазТАГ» ХАА, «Қазақтелеком» өкілдері аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Тергеу 160 млн көлемінде қаржы қолды болғанын анықтады. Бұл қаржы 2010-2015 жылдардағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдауға бағытталған болатын.

Соңғы жаңалықтар