Алматыда қою тұманға байланысты 5 әуе рейсі кейінге шегерілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қою тұманға байланысты Алматыдан ұшып шығатын бірнеше рейстер кейінге шегерілді. Бұл ақпаратты Алматы халықаралық әуежайының анықтау бөлімі растады.

Атап айтқанда, таңертең ерте әуеге көтерілуі тиіс болған Алматы-Франкфурт, Алматы-Мәскеу (Внуково), Алматы-Қарағанды, Алматы-Өскемен, Алматы-Лондон (Хитроу) бағытындағы рейстер қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше сағатқа кейін шегерілді. Анықтау бөлімінде рейстердің ұшу кестесі тұман сейілген соң қалпына келетінін хабарлады.

Алматыдан Петропавл қаласына және кері бағыттағы рейс тоқтатылды. Сеул, Бангкок, Амстердам, Мәскеу (Шереметьево), Ыстамбұл қалаларына бағытталған рейстер қолайсыз метеожағдайдың туындауынан бірнеше сағатқа кешігіп ұшқанын айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар