Алматыда қоймалар отқа оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоймалар отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД сілтеме жасап.

nullnull
Баспасөз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Медеу ауданы Тәтібеков 10 мекенжайында орналасқан қоймалардың өртеніп жатқаны туралы хабарлама  түскі 12:28-де түскен.

«Өрт сөндірушілер шатырды жалмаған тілсіз жаудың  жапсарлас тұрған ғимараттарды шарпуының алдын алды. Қызыл жалын 400 шаршы метр аумақты жалмады. Өрт 13:17-де ауыздықталды», - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.
nullnull

Оның айтуынша, қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар