14:41, 27 Қаңтар 2018 | GMT +6
Алматыда қоймалар өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Әуезов ауданында қойма өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өтеген батыр көшесінің бойындағы нысан өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 12:36-да түскен.
Сол жрге келіп жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.
ТЖД осы оқиғаға қатысты қосымша ақпаратты кейін хабарлайтынын мәлім етті.
Фото: М.Сорокумова