Алматыда қоймадан шыққан ірі өрт сөндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда қоймадан шыққан өртке қатысты жаңа мәліметтер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өртпен күрес шақырту түскен уақыттан бастап екі сағатқа жалғасты.



«Алатау ауданы, Теректі шағын ауданындағы Таусамалы, 21 мекен жайында орналасқан қойма ғимаратының жанып жатқаны туралы хабарлама сағат 20:04-те түсті. Тілсіз жау 22:14-те оқшауланды. Жалын 1400 шаршы метр аумақты шарпыды. Ауданда су тапшылығы мәселесі болғандықтан, өртпен күрес қиындай түсті. Су жеткізу қолға алынды», - деді С.Баймұхамбетова.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өртті сөндіруге ТЖД-нің жеке құрамынан 90 адам мен 25 техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар