Алматыда қоймадағы өрт сөндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Түрксіб ауданында отқа оранған қоймалардағы алапат өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жау 17:11-де ауыздықталды.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жау 17:11-де ауыздықталды.

«Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі 96 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама түскі сағат 14:21–де түсті. Бұл жерде жекеменшік қоймалар орналасқан. Өрт шыққан қоймада қытайдың скутерлері, квадроцилдер мен мотоциклдер сақталған. Екіншісінде қағаздар болған. Бұлардың бәрі тез жанатын заттар. Қызыл жалын 1600 шаршы метр жерді шарпыды. Зардап шекендер жоқ. Келтірілген шығын есептелуде»,– деді Алматы қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіров.

Бұған дейін, қоймадан өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Кейін қоймадан шыққан өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылды. «Қазавиаспас» кәсіпорнының МИ-171 және МИ-8 тікұшағы өрт ошағын ауыздықтау үшін әуе арқылы көмекке келді.


Соңғы жаңалықтар