Алматыда қоймадағы өрт ауыздықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда қоймада тұтанған өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 маусым күні 06:02-де Алматы қаласы Орталық өрт байланысы бекетіне Түріксіб ауданында қойма ғимараттарының өртеніп жатқаны туралы хабар келді. Бірақ жүгінгендер дәл мекенжайын айтқан жоқ. 06:03-те оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді. Өрт сөндіру күштері мен құралдары №3 жоғары шақыру деңгейі бойынша қимыл жасады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде қойма ғимараттарының шамамен 3000 шаршы метр ауданы өртке оранып жатқан. 09:06-да 17 мың шаршы метрден астам ауданға жайылған өрт ауыздықталды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 75 өрт сөндірушісі және 20 техникасы жұмылдырылды. Су тасу үшін коммуналдық қызметтер тартылды.

Сондай-ақ «ҚазАвиаҚұтқару» қызметінің Ми-17 тікұшағы әуеден көмекке келді.

Соңғы жаңалықтар