Алматыда қоймадағы алапат өрт салдарынан балабақша жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жекеменшік балабақша директоры Гүлнара Құрбанқұлова қоймада тұтанған алапат өрт туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«07:30-да ауланы түтін қаптап жатқанын көрдім. Түтін әдеттегідей ипподром жақтан келген деп ойладым. Есікті ашып, сыртқа шыға бергенде қойма өртінп, қап-қара түтін сол жақтан шығып жатқанын көрдім. «101» нөміріне хабарласып, қойма өртеніп жатқанын жеткіздім», - дейді Гүлнара Құрбанқұлова.

Оның айтуынша, қазір қойманың төңірегіндегі ғимараттардың есік-терезесін ашуға болмайды. Түтін мен ыстың исі кіреді. Соған байланысты балабақша бүгін жабық.

Еске сала кетейік, таңертең Алматының Жетісу ауданында қойма өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Автор: Данияр Дәуітәлиев

Соңғы жаңалықтар