Алматыда қойма өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданында қойма өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, өрт туралы хабарламаға таңғы 5:55-те түскен. Тілсіз жау 140 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 6:37-де өртті сөндіріп үлгерді.

Әзірге қоймада қандай зат сақталғаны әрі өрттің шығу себептері тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар