Алматыда ковид ауруханаларында төсек-орын саны көбейді
2022 жылғы 21 қаңтар 11:38

Алматыда ковид ауруханаларында төсек-орын саны көбейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 350 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 2 057 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 141, келіп түскені – 253.

«Инфекциялық стационарларда 1350 адам бар. Оның ішінде 187 бала емделуде. Төсек-орын саны 3 310-ға дейін артты», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 71 адам жатыр.

Ал 12 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 25 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 10 185 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 9 644 науқас.

Симптомсыз 541 науқас бар.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT