USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда ковид ауруханалардағы төсек-орын саны қысқарды

2021 жылғы 29 қараша 12:50
Бөлісіңіз:
Алматыда ковид ауруханалардағы төсек-орын саны қысқарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 425 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада биыл оқшаулану тәртібін бұзған 49 адам анықталды БҚО-да жиналыс, конференцияларды дәстүрлі сипатта өткізуге рұқсат берілді Жүрегі ауыратын адамдарға коронавирустың «омикрон» штамы қаншалықты қауіпті - дәрігер жауабы

28 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 65 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 63, симптомсыз – 2 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 7, келіп түскені – 17

«Инфекциялық стационарларда 425 адам бар. Оның ішінде 20 бала емделуде. Төсек-орын 1 774-тен 1434-ке дейін қысқарды», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 47 адам жатыр.

Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 18 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 888 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 851 науқас. 37 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT