Алматыда қосымша автобус жолақтары белгіленетін көшелер анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл тағы қандай көшелерде автобус жолақтары пайда болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Жолаушылар тасымалы көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың айтуынша, биыл Алматыда автобус жолағы Алтынсарин  мен Қабдолов көшелерінде пайда болады.

«Тамыз айының соңына дейін Алтынсарин мен Қабдолов көшелерінде автобус жолақтары салынады. Осылайша бұл көшелер автобус жолақтары бар Төле би, Абай, Райымбек көшелерін өзара байланыстыратын болады. Осылайша бұрын автобус жолағының жалпы ұзындығы 85 шақырым болса, биыл 93 шақырым болады, яғни 7,1 шақырымға ұзарады», - деді М.Исахов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Алматыда қыркүйекте бірқатар көшелерде көлік қозғалысы біржақты бағытқа ауыстырылады.

Шевченко көшесінің бойында Достық даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі аумақта трамвай рельстері алынып тасталған соң, жолдар орташа ағымдағы жөндеуден өтеді және батыс бағытқа қарай көліктер қозғалысы біржақты болады.

Құрманғазы көшесі бойында Мұқанов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған соң, шығыс бағытта біржақты көлік қозғалысы жасалады.

Соңғы жаңалықтар