Алматыда қосымша 24 автобус бағыты ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен есепті кездесуінде биыл қала ішінен және қала сыртынан 24 жаңа бағыт ашылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің сөзінше, қала халқының саны артқандықтан әрі қала аймағының кеңеюіне байланысты қоғамдық көлік бағыттарын желісін оңтайландыру қажеттігі туған.

Қалада маршрут желісінің ұзақтығы – 5 мың шақырым.

Былтыр қала тұрғындарының өтінішімен 14 жаңа бағыт ашылды. Олардың 8-і қала сыртына қатынайды.

Мәселен Боралдай ауылымен Алматы-1 теміржолы воказалының арасында жаңа №10 маршрут жолға шықты.

«2020 жылы 24 жаңа бағыт ашылады. Бұл бағыттарда 291 автобус қызмет ететін болады. Сонымен қатар, Алматы – Қапшағай бағытында электр пойызын жіберу көзделген», - деді әкім.

Бұл шаралардың арқасында жолаушылар ағыны күніне 850 мыңнан 1,2 млн адамға артты.

Айта кетейік, Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың есепті кездесуі өтіп жатыр.

Кездесуде Бақытжан Сағынтаев 400 жаңа автобус сатып алынатынын хабарлады.



Соңғы жаңалықтар