Алматыда косметика сақталған қоймаға қарақшылық шабуыл жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда косметика сақталған қоймаға жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 4 адам Ақжар шағынауданындағы қоймаға түнгі 11:00-де кірген.

«Ұрылар күзетшіні «күзет компаниясынан келген тексерушілерміз» деп алдаған. Күзетші оларға есік ашқанда бірден соққы алған. Қарақшылар ақша сақталған сейфке барып, 8 млн теңге мен декоративті косметиканың бірнеше қорабын қолды еткен. Күзетші ұрылар кетісімен дабыл қақты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген шаралардың арқасында күдіктілер ұсталды. Олардың ішінде ең үлкені 32 жастағы Алматы облысының тумасы болып шықты. Ешқайсысы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған», - деді Наурызбай аудандық ПБ басшысы Дидар Аханов.

Қарақшылар ұрланған сейфті тығып кетіп, 2 күннен соң қайтып оралуды шешкен. Кейін сейфті алу үшін қалаға кіріп келе жатқанда көліктері тоқтатылған.

Анықталғандай, ұсталғандардың бірі осы фирмада экспедитор болып жұмыс істеген. Ол компанияның табысы жайлы білген. Сондықтан, күзетшіні оңай алдап кеткен.


Соңғы жаңалықтар