Алматыда қосқабатты туристік автобус жолға шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шілдеден бастап қос қабатты туристік автобус жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала билігі Алматыны Лондон мен Барселонаға айналдырмақ.

«Қыркүйек айынан бастап Лондон мен Барселонадағы сияқты қосқабатты автобус тартуға бар күшімізді салып жатырмыз. Шілдеде туристік автобустар жолға шығады. Бұл автобустар Республика алаңынан Сейфуллин даңғылына дейін, ары қарай Әл Фараби даңғылына дейін, Essentai Mall сауда үйінің маңында бір тоқтап, одан әрі Тұңғыш Президент паркіне дейін жүретін болады. Сосын сол саябақтан Достық көшесіне қайта келіп, Жолдасбеков көшесімен төмен түсіп, алаңға қайта оралады», - деді қалалық Туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.

Оның айтуынша, Алматыда қос қабатты автобустардың жүруіне троллейбустың сымдары кедергі келтіреді. Бұл мәселе де қала әкімдігі тарапынан шешімін таппақ.

Бастапқы кезеңде бір ғана автобус шығады. Кейін туристік көліктердің саны 2-3 болуы ықтимал. Жоба жекеменшік инвестициялармен салынды.

«Автобустарда жол жүру құны 1,5 мың теңге болмақ. Студенттер мен зейнеткерлерге 800 теңге болмақ. Ал мектеп жасына дейінгі балаларға, мүгедектерге тегін болмақ», - деді М.Қиқымов.

null

Соңғы жаңалықтар