Алматыда көшені су басты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ерменсай елді мекенінің орталығын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазселденқорғау» мекемесінің хабарлауынша, Ерменсай ауылы Виноградов көшесінің бойындағы ағын судың қозғалуына мүмкіндік беретін арық бітеліп қалған.

«Дәл арықтың үстінде жаттығу залы ашылған. Ғимарат иелері арықтың орнына диаметрі 500 мм болатын су құбырын орнатқан. Аталған құбырға лай жиналып, судың өтуіне кедергі келтірген. Соның салдарынан су арнасынан тасып, көшені алып кетті», - деді «Қазселденқорғау» МК мамандары.

Орын алған оқиғаға байланысты Бостандық ауданы әкімдігіне төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар