+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Алматыда көшеден бес жасар бала табылды

2019 жылғы 19 қыркүйек 12:10
Бөлісіңіз:
Алматыда көшеден бес жасар бала табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы көшелерінің бірінде адасып қалған кішкентай баланы учаскелік инспектор тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бес жасар ұл бала Шаляпин мен Берегового көшелерінің қиылысынан табылды.

«Баланың үсті басы су. Әбден тонып қалған. Дірілдеп тұрды. Оның айтуынша, ол басқа балалармен бірге өз үйінің ауласында ойнаған, содан кейін олар театрдың алдындағы субұрқаққа барған. Ойнап жүріп бала суға құлап кеткен, ал достары қашып кетіпті. Бала өз бетінше үйін табуға тырысып, бірақ таба алмаған. Кешке дейін баланың ата-анасын іздедік, алайда оны іздеген адам болмады. Мен ең алдымен баланың киімін ауыстырып, ыстық шәй бердім. Қараңғы түскенен кейін, оны бір түнге кәмелетке толмағандарға арналған бейімделу орталығына жіберу туралы шешім қабылданды», - деді Әуезов аудандық ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Диляра Анарқұлова.

Таңертең полиция басқармасына баланың анасы жоғалған ұлы туралы арызбен келді.

«Полиция қызметкерлері ұлының аман-есен екенін айтқанда, ол қатты қуанып кетті»,- дейді Диляра Анарқұлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT