Алматыда көшедегі бейнекамералардың көмегімен 127 қылмыс ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қауіпсіз қала» жүйесіндегі бейнекамералардың көмегімен қаңтар айында 127 қылмыс ашылды. Олардың 95-і ұрлық болса, қалғаны тонау, алаяқтық, бұзақылық әрекеттер. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Алғаш рет камералар 2014 жылы орнатыла бастаған. Қазіргі таңда 7 мың нысан, 3 мың аула, 4 мыңға жуық тұрғын үйде 54 мың бейнекамера орнатылған. Биыл тағы 2 мың ауланы бейнебақылаумен қамту көзделген. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда мыңға жуық камера қойылады.

«Бейнебақылаудың артуынан қаладағы қылмыс саны азайғанын көріп отырмыз. Былтыр қоғамдық орындардағы ұрлық 5%-ға, пәтерлерді тонау 12%-ға, ұялы телефон ұрлығы 25%-ға, тонау 14,2 %-ға азайған», - деді жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Соңғы жаңалықтар