Алматыда көше-жол желісінің 234 шақырымында асфальт жабыны жоқ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2025 жылға дейін жолдың сапасын жақсарту жұмыстары жоспарлануда. Бұл туралы онлайн брифингіде Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін жұмыстарды орындау үшін жалпы ұзындығы 290 км жаңа жолдарға (2022 жылы – 70 км, 2023 жылы – 70 км, 2024 жылы – 70 км, 2025 жылы -80 км) орташа жөндеу және 350 мың шаршы метрден астам асфальтбетонды жабынға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Айта кетейік, Алматы қаласының көше-жол желісінің ұзындығы 3096 км құрайды, оның 234 км-де асфальт жабыны жоқ.

Спикер сондай-ақ Алматыда жолайрықтар салу жұмыс барысы туралы баяндады.

«Өткен жылы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрық бойынша көлік қозғалысы ашылған болатын. Ағымдағы жылы 3 жолайрықтарының құрылысы жалғасады, олар – Бұқтырма көшесі – Құлжа күре жолы, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі және Саин көшесі –

Мөңке би көшесі қиылыстарындағы нысандар.

Бүгінгі күнде Бұқтырма көшесі – Құлжа күре жолы жолайрығы бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Қала аумағында орналасқан қажетті жер телімдерін сатып алу толығымен аяқталды. Талғар ауданы аумағында орналасқан 2 жер телімін сатып алу қалып отыр. Бұл мәселемен Алматы облысының әкімдігі айналысуда және

бұл жер телімдерін сатып алу жақын арада орындалатын болады», - деп атап өтті спикер.


Соңғы жаңалықтар