+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматыда көше фотографтарының көрмесі өтеді

2020 жылғы 18 қыркүйек 16:14
Бөлісіңіз:
Алматыда көше фотографтарының көрмесі өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көше фотографтарының «Алматы. Шығарылған таспа» атты көрмесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасын іске қосты «Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды Түркістанда композитор Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті

Алматы қаласының әкімдігі және «Еуразиялық Мәдени Альянс» ҚБ бірлесіп алматылық көше фотографтары Алим Хайдаров пен Бауыржан Сәбитовтің көрме-диалогын ұсынады.

Көрменің кураторы, философ Ольга Веселованың айтуынша, кадрларда фотографтар қала өмірін әр қырынан көрсетеді. Шеберлердің шығармаларында жалпы сюжет қана емес, сонымен бірге туған қаласына деген үлкен сүйіспеншілік көрсетіледі.

«Алим Хайдаров бүкіл өмірін селдің алдын алуға және зерттеуге арнады. Бұл жұмыс Алматы үшін Іле Алатауы тауларына жақын орналасқандықтан өте маңызды. Кәсіби қызметімен қатар, Алим Хайдаровты өзінің туған жері Алматының тіршілігі де аса қызықтырды. Бұл геологтың фотомұрағатында қамтылған. Верныйдың ағаш аулаларының тарихы, бізге бұрыннан таныс Алматының романтикалық құрылысы, қазір мегаполистің көшесіне айналған қаңырап жатқан дала. Бұл сюжеттер Алим Хайдаровтың фотографиялық әсерлерімен баяндалады»,– деді Ольга Веселова.

Сонымен қатар, көрмеде қаланың соңғы бірнеше онжылдық тарихын заманауи суретші Бауыржан Сәбитов таныстырады.

Жоба дәстүрлі түрде қала күніне орайластырылатын бірқатар мерекелік іс-шараларды ашатын ARTBAT FEST X заманауи өнер фестивалі аясында жүзеге асырылады.

Көрме мемлекеттік «Almaty Gallery» көркем сурет галереясында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қауіпсіздік шараларын сақтау үшін галерея кеңістігінде бір мезгілде 15 адам ғана кіретінін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT