Алматыда қос Хайландер соқтығысып, 2 адам жапа шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қос Хайландер соқтығысуынан Мерседес көлігіндегі 2 адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

null  

Алматыда Алғабас көшесімен батыс бағытта келе жатқан ақ түсті Тойота Хайландер қарама-қарсы келе жатқан қара түсті Тойота Хайландерді соққан.

null 

Соққыдан джип айналып келіп қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан Мерседес көлігіне бетпе-бет соғылады.

null 

Жол апатынан Мерседес жүргізушісі мен жолаушысы жапа шекті. Оларды жедел жәрдем алып кетті.

null null null 

Соңғы жаңалықтар