Алматыда қос басқармаға жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Талғат Хосчанов тағайындалды,  деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Т.Хосчанов осыған дейін бұл басқарма басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келген.

Аталған басқарманы бірнеше жыл басқарып келген Мақсұт Исахов қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Айта кетейік, соңғы жылдары қалада 800 шақырым инженерлік желі тартылған. 313 шақырым су құбыры, 266 шақырым кәріз жүйесі салынған, 150 шақырым электр желісі, 32,3 шақырым жылу желісі жүргізілген.

Қала әкімі басқарманың жаңа басшыларына жол жабындылары мен электр энергиясымен қамту қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар