Алматыда коронавирустың төртінші толқынын жеңуге вакцина көмектеседі
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ж. Бекшин қаланың алдыңғы індеттің үш толқынынан қалай аман қалғанын еске салды.
Бас санитардың айтуынша, 2020 жылдың наурыз айында алғашқы толқын коронавирустың алғашқы 82 жағдайын тіркеуден басталды.
Өткен жылдың шілдесінде 6 372 жағдай тіркеліп, қыркүйекте 165 жағдайға дейін төмендеді.
Эпидемияның екінші, шағын толқыны 2020 жылдың қазан айында басталды - 366 жағдай тіркелді. 2021 жылдың қаңтарында ең жоғары деңгейге жетті – 3607 жағдай.
Төменгі көрсеткіш ақпан айында тіркелді - 2 945 жағдай.
«2021 жылдың ақпан айының соңы мен наурыз айының басынан бастап індеттің үшінші толқыны басталды, ол британ штамына байланысты болды. Сәуір айында 19 918 жағдай тіркелді. Ал маусым айында құлдырап, 4 573 жағдайды құрады», – деді Алматы қалалық СЭБД басшысы.
15 маусымда үнді штамына байланысты індеттің төртінші толқыны басталды.
Ол шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ, бірақ Алматы эпидемиологтарының болжамы бойынша бұл кезең 3 мен 4 тамызға тура келеді.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 4 148 адам жатыр, оның 215-і - бала.
Реанимацияда – 281 адам, ӨЖЖ аппаратына 27 науқас қосылған, инвазивті емес ӨЖЖ-да – 121, High flow-да 98 аппарат жұмыс істейді.