Алматыда коронавирустың тәуліктік өсімі төмендеуі мүмкін – Жандарбек Бекшин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының тәуліктік өсімі төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 сәуірде тәуліктік өсім - 15,6% болса, сенбі күні - 2,2% болған. Соңғы 8 күнде тәуліктегі өсім 6,6 % болып тұр. Жақын арада жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туады. Күнделікті өсімді барынша төмендетуге тырысамыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазір қалада 41 мың адам ПТР тестілеуден өткен. 21 мың адам экспресс тестілеуден өтті. Ауырғандардың 90%-ы науқастармен байланыста болған.

Мұның алдында қаланың бас санитар дәрігері карантин кезінде аулада балаларды ойнату ережесін таныстырған болатын.


Соңғы жаңалықтар