Алматыда коронавирустың бесінші толқыны аяқталуға жақын - бас санитария дәрігері

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирустың бесінші толқыны аяқталуға жақын. Бұл туралы брифинг барысында мегаполистің бас санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қалада коронавирустың тәуліктік өсім 0,03-ке дейін төмендеген.

«Алматыда COVID-19 індетінің бесінші толқыны аяқталуға жақын қалды. Аурудың айтарлықтай жылдам төмендеуі ұжымдық иммунитеттің жоғарылауымен байланысты, ол 59 пайыздан асты (соңғы 6 айда вакцина алғандардың 54,6 пайызы және сауыққандардың 4,5 пайызы). Инфекция көздерінің азаюы үшін 6 айдан астам уақыт бұрын вакцина алған 254 885 ревакцинациядан өтті», - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Сонымен қатар, бас дәрігер коронавиурсқа қарсы екпеден жалтарып жүргендер әлі де бар екенін тілге тиек етті.


Соңғы жаңалықтар