+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматыда коронавирусты жұқтырғандардың дені 20-40 жастағылар

2021 жылғы 16 шілде 17:27
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирусты жұқтырғандардың дені 20-40 жастағылар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың дені 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы көпқабатты үйдегі өрт: Жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыды Алматыда карантин талаптары жеңілдейді Алматы вокзалында темекі шегіп, ішімдік ішкен 3 адамға айыппұл салынды

«Бүгінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл вакцина қарқынының бәсең жүруімен және үнді штамының тез таралуына байланысты. Жыл басынан бері қалада КВИ-ді жұқтырған 63 мыңнан астам науқас тіркелді. Бұл ретте коронавирус инфекциясының үнді штамымен жоғары контагиоздылықты растау үшін өткен аптада қауіпті індет шамамен 2 есеге өсті», – деді ол.

Сонымен қатар, ол Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері шілденің екі аптасындағы статистикаға тоқталды. Барлығы 7520 адам індет жұқтырған. Бұл эпидемиологтардың пессимистік болжамына сәйкес 8300 жағдай.

«Өткен аптада Сovid-19 қытай нұсқасынан туындаған індеттің алғашқы толқыны кезінде «симптомдық» науқастардың үлес салмағы 87%-дан 90%-ға дейін және өткен жылдың бірінші толқынында 50%-ға өскен болатын.

Бұл ретте 15 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласының халқын бірінші компонентпен вакциналаумен қамту халықтың ресми санынан 32% ( ауырып жазылған адамдардың 10%), екінші компонентпен 18% ( ауырып жазылған адамдардың 10%) құрады, бұл әлі де эпидемиологиялық процестің дамуын қамтамасыз етпейді»,- дейді қаланың бас санитар дәрігері.

Оның айтуынша, эпидемиологтардың талдауы көрсеткендей, 14 жасқа дейінгі жұқтырған балалардың үлесі 13% болды.

«Ал 20 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында ауырғандар 4%-ға өсіп, 39%-ға жетті. 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 0,8%-ға артып, 5%-ға жетті. 60 жастан асқан адамдар әлдеқайда аз жұқтырған. Бұл деректерді белсенді вакцинамен байланыстыруға болады. Егде жастағы адамдардың 34% вакцина алғандар әрі қоғамдық орындарға сирек барады»,- дейді ол.

Брифинг барысында Жандарбек Бекшин «дельта» коронавирус нұсқасының тез таралуына байланысты вакцинаға салғырт қарайтын және қоғамдық орындарға жиі баратын 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар екенін айтты.

«Сонымен қатар 30 бен 40 жас аралығындағы азаматтардың 22% көбірек жұқтырған. 20 мен 30 жас аралығындағы жастармен салыстырғанда 17%», – деп қорытындылады Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT