Алматыда коронавирусты жасанды интеллект арқылы анықтайтын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Цифрландыру басқармасы және iMedHub компаниясымен бірлесіп коронавирус инфекциясымен ауыруды бастапқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік беретін жүйені іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пилоттық жобада жасанды интеллект алгоритмдері қолданылады.

Виртуалды сақтаушы КТ арқылы түсірілген кескіндерді өңдеп, талдап әрі олардың сипаттамасын жазып , PACS жүйесі арқылы бұлтқа жібереді.

«IMEDHUB нейронды желілері және медицина» жобасы орталық станциядан алыстан (қашықтан) жедел әрекет ету мүмкіндігі бар ситуациялық орталық ашқан. Ол зерттеуге түскен өтініштерді тіркеп, оларды қабылдап, жіберуді автоматты түрде жасауға және диагноз қою мен медикаментті терапия тағайындауда шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Дәрігер мен науқас арнайы қосымша арқылы тілдесе алады. Жасанды интеллект механизмін пайдалану арқылы шешімдерді қолдау жүйесі диагноз қойылғанға дейін адам үшін төнген қауіп деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Науқастың сол кездегі жағдайына баға беріп, аурудың бастапқы кезінен-ақ болуы мүмкін асқынуларды болжайды. Сонымен бірге, жоба госпитальдік блоктағы әрбір пациенттің жағдайын ақылды мониторинг жасайтын орталықтандырылған цифрлық жүйені құруы, науқастарды болжанған ауырлық жағдайына қарай клиникаларға бөлуі керек. Әрбір науқастың емделуін талдап, нақты статистикасын жүргізу үшін бірыңғай медициналық платформа құрылады.

Бизнес-процесстерді оптимизациялау, сәулелік диагностика бөлімшесінің жұмыс өнімділігін арттыру (орташа алғанда 70 пайызға) және қаржыны үнемдеу мақсатында Орталықтандырылған медициналық архив жүйесін (PACS) ендіру жоспарланып отыр. Бұл сонымен қатар бүгінгі күні шамасы 34 пайыз болып отырған «кассадан өтпей қалған» жұмыстарды болдырмау арқылы жұмыстың ашықтығын, тазалығын жоғарылату үшін де қажет.

Әрбір медициналық ұйым жергілікті PACS жүйесімен (MINI-PACS SERVER) жабдықталады. Қалалық ұйымдардың ақпараттық жүйелері жергілікті PACS жүйесімен (MINI-PACS SERVER) интеграцияланатын болады, бұл виртуалды сақтаушы бұлтты медициналық мұрағатқа (CloudPACS Server) беруді қамтамасыз етеді.

Одан бөлек, барлық мәліметтерді (кескіндер) веб-қарау құралы ұсынылған. Қажет болған жағдайда, кез келген өндірушінің рентгенологының толыққанды жұмыс орнын қосуға болады. Орталықтандырылған медициналық мұрағаттың (PACS) шетелдік шешімдерге қарағанда 2,5 есе арзан екенін атап өткен жөн. Орталықтандырылған медициналық мұрағат жұйесінің (PACS) көмегімен диагностикалық жабдықтардан дәрігерге және бір дәрігерден екіншісіне суреттерді беру, деректерді, кескіндерді электронды архивте сақтау операциялары қолжетімді болады. Барлық медициналық ұйымдар деректерге қашықтан қол жеткізе алады.

Қазіргі сәтте «IMEDHUB нейронды желілері және медицина» жобасы №1 қалалық емханасы және №7 қалалық клиникалық ауруханаларының ақпараттық жүйелерімен біріктірілген (интеграцияланған), сонымен қатар жақын арада 56 емхананы қосу да көзделген. Бұлармен қатарласа №29 қалалық емхана мен №18 қалалық емханаларын да біріктіру бойынша пилотты жобалар жүргізілуде.

Бұл жоба жеке ИТ-бизнес пен медициналық ұйымдар басқармалары арасындағы өзара әрекеттесудің жақсы кейсі болып отыр.


Соңғы жаңалықтар