Алматыда коронавирусты қайта жұқтырған 17 науқас тіркелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполисте коронавирусты қайта жұқтыру деректері тіркелуде. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда вирусты қайта жұқтырудың 17 жағдайы тіркелді. Оларда былтырғы жылдың жазында коронавирус инфекциясы симптомсыз өткен. Енді клиникалық белгімен өтіп жатыр.

«Былтыр төрт жағдай тіркелген болатын. Биыл жыл басынан бері 17 адам коронавирусты қайта жұқтырды. Оны біз арнайы база арқылы анықтаймыз. Яғни, екінші рет жұқтырған науқасты базаға енгізген кезде ол қабылдамайды. Демек, ол шілде айында шартты түрде ауырған. Әрі қарайғы жұмыс өте қиын. Бұл қайталанған инфекция ма, әлде ұзаққа созылған вирус тасымалдаушысы ма, осыны анықтау қажет «, - деді Бекшин.

Бұған дейін ол Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны күрт көбейгенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар