+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Алматыда коронавирусты ең көп адамға жұқтырған 7 науқас белгілі болды

2020 жылғы 3 сәуір 13:53
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирусты ең көп адамға жұқтырған 7 науқас белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 7 адам коронавирус инфекциясын ең көп адамға жұқтырған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды Батыс Қазақстанда қосымша провизорлық және жұқпалы аурулар ауруханасы ашылады Павлодар облысында 800 орынды триаж-орталық пен провизорлық стационарлар ашылды

Оның айтуынша, жүргізілген талдауларға сәйкес Алматыда 7 адамда КВИ патогенді-агрессивті формасы анықталған.

«Олар ең көп адамға жұқтырған. Көпшілігінің ауруы орта дәрежеде. Ал қалғаны жеңіл формада өтіп жатыр. Сонымен қатар алматылықтар арасында симптомы білінбей өтіп жатқандар да болуы мүмкін. Сол үшін қазір қаладағы барлық ЖРВИ, тұмау, өкпенің қабынуымен түскен науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеріп жатырмыз. Ересектер арасында осындай 1 жағдай тіркелді. Пневмониямен түскен адамнан инфекция табылды. Кеше 13 бала тексерілді. Оның 5-інде талдау расталмады. Қалғаны әлі тексеріліп жатыр. 5 науқастың 3-інде коронавирус инфекциясы ауырған адамдардан жұққан болса, екі адамның ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз болып отыр», - деді Айзат Молдақасымова.

Департамент басшысы қала тұрғындарына белгіленген 14 күн карантинді сабырмен өткізуге шақырды.

«Не үшін біз 14 күн деп аламыз? Себебі бұл инфекцияның инкубациялық кезеңіне сәйкес келеді. Бізде бір науқас болды. 14 күн карантинде жатқанда тест үнемі вирус жоқтығын көрсетіп келіп, 12-тәулікте бір-ақ көрініс берген. Сондықтан, 14 күн шыдау керек», - деді А.Молдақасымова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT