+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда коронавирусты анықтайтын мобильді зертхана ашылды

2020 жылғы 6 шілде 23:50
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирусты анықтайтын мобильді зертхана ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда COVID-19 инфекциясына скрининг жүргізетін жекеменшік мобильді зертхана іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының аумағында коронавирус инфекциясын жоғарғы дәлдікпен анықтайтын ПТР диагностикасы бар жекеменшік мобильді зертхана ашылды.

Зертхана PSI Group компаниялар тобымен және отандық өндіруші Қарасай машина зауытымен дайындалған.

«Алғашқы екі зертхана салынды. Қала басшылығына зертханалардың бірін қалада қалдыру жөнінде ұсыныс жасадық. Бастамамызды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қолдады», – деді машина жасау жобасының директоры Павел Беклемишев.

Сонымен қатар,ол зертхананың ПТР скрининг өткізу үшін ҚХР, Тайвань және Оңтүстік Корея елдерінің қажетті құралдарымен толықтай жабдықталғанын атап өтті.

Зертхананың жобалық өндірісі тәулігіне 500 сараптаманы құрайды. Зерттеу материалдары қаланың медициналық мекемелерінен тегін медициналық көмек кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында жолданады.

Жоба ҚР нормативтік талаптары мен халықаралық мамандардың нұсқаулықтарына сәйкес орындалған.

Бүгінгі күні Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын 7 зертхана жұмыс істеп тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT