Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев монумент қойылатын жерге тас орнатуға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті.

«Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған ескерткіштің негізіне тас орнаттық. Ескерткіш КВИ пандемиясымен күрескен барлық медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі. Сондай-ақ олардың құрметіне қарағай аллеясы отырғызылды» деп жазды Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Ескерткіш С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жанындағы аллеяда ашылады.

Мұнда 20 қарағай көшеті отырғызылды.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет, Алматыдағы ҚХА-сы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А. Шардинов, ақын А. Елгезек, №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері Ж. Шерияздан ескерткіштің ашылуын қолдап сөз сөйледі.



Соңғы жаңалықтар