Алматыда коронавируспен ауырған оқушылардың 94 пайызы індетті отбасында жұқтырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазір жіті респираторлық вирустық инфекция тарайтын кезең, соған байланысты қалада сырқаттанушылар саны көбейді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегінен бері ЖРВИ-дің 114 679 жағдайы тіркелді, өткен жылы 36 325 жағдай болған.

«Биыл қалада тұмаудың H3N2 нұсқасы 48 адамда анықталды. Күзде 174 373 адам тұмауға қарсы вакцина салдырды. Оның ішінде 161 495 адам екпені бюджет есібінен тегін алды»,- дейді Сәдуақас Байғабылов.

Сонымен қатар, ол өткен аптада коронавирус жұқтырғандардың 75,7%-ы 20 жастан асқан тұрғындар екенін жеткізді.

«Өткен аптада мекеме жұмысшылары арасында вирусты жұқтыру жағдайы өскен, мәселен ЖШС, ЖК жұмысшылары арасында жұқтыру 21 пайыздан 25%-ға дейін, зейнеткерлер арасында 20-дан 24 пайызға дейін өсті. Дегенмен, студенттер арасында вирусты жұқтыру 3%-дан 2,4%-ға дейін төмендеді, ал оқушылар арасында 11-ден 6%-ға азайды»,-деді ол.

Коронавирус жұқтырған оқушылардың 94 пайызы індетті сыныптан емес, отбасында жұқтырғаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар