+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда коронавируспен ауырған 365 науқас жазылып, үйіне оралды

2021 жылғы 13 мамыр 10:53
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавируспен ауырған 365 науқас жазылып, үйіне оралды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 162 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресей мен Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасының сапасында айырмашылық жоқ - ғалым Қазақстанда 2 719 987 адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырды Қазақстанда коронавирус пневмониясынан өткен тәулікте 2 адам қайтыс болды

12 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 597 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 535, симптомсыз – 62 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 365, келіп түскені – 289.

«Инфекциялық стационарларда 3 162 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 88 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 217 адам жатыр.

Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 60 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 89 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 906 пациент бар.

Оның ішінде 3403 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда.

503 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT