Алматыда коронавируспен ауруханаға түсіп жатқандар - негізінен 70 жастан асқан науқастар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда эпидемиологиялық жағдай жаман емес. Бұл туралы онлайн брифинг барсында қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицинаның директоры Лаура Мырзағали айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурыздың 5-8 аралығында көпшілік қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтамағандықтан ауру саны артты. Сондықтан біз төсек-орынның толуын 30 пайыз деңгейінде ұстап тұру үшін 1 866 орынды 3400-ге дейін көбейттік. Басқа ауруханаларда да қала тұрғындарына жедел көмек көрсету үшін төсек-орын дайындалған»,-дейді ол.

Сонымен қатар, ол Алматы қаласының «қызыл» аймаққа енгенін тілге тиек етті.

«Күн жылынды, өңірлерден қалаға жұмыс істеуге адамдар көптеп келе бастады. Құрылыс және вахталық жұмыс маусымы басталып жатыр. Осыған байланысты жүріс-тұрыс та көбейді. Дегенмен қалада қорқатындай дүрбелең жоқ. Бастысы - қауіпсіздік шараларын сақтау керек»,-дейді Лаура Мырзағали.

Телемедицина орталығы директорының сөзінше, адамдар ауруды елемейді.

«Қазір қалада 2 246 науқас коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр. Оның 238-і соңғы тәулікте түсті. Адамдар көбіне ауруын елемей жүріп алады. Ауруханаға түсіп жатқандар - негізінен 70 жастан асқан адамдар»,- деп қосты спикер.


Соңғы жаңалықтар