Алматыда коронавирусқа жүргізілетін тест саны артады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирусқа жүргізіліп жатқан тесттер саны күніне 2,5-3 мыңға жеткізілетін болады. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирусты анықтау бойынша осы уақытқа дейін 46 мың тест алынып, зертханада талдау жасалды.

«Қазіргі уақытта күніне 2 мыңдай тест жүргізілуде, бұл көрсеткішті 2,5-3 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Сынамалардың нәтижесі бір күн ішінде дайын болады. Осы аралықта 11 мыңдай медицина қызметкерінен тест алынды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің коронавирусты жұқтырып алмауына бағытталған ережелер мен талаптар да күшейтіліп отыр»,– деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол Алматыда 6 зертхана ПТР диагностикасы бойынша жұмыс істейтінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар