+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда коронавирусқа вакцинация жалғасып жатыр

2021 жылғы 10 сәуір 21:02
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирусқа вакцинация жалғасып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Наурызбай ауданында 3500 адам екпе алды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сағынтаев алматылықтарды коронавирустан вакцинамен қорғануға шақырды Қазақстан QazVac вакцинасын ислам елдеріне беруге дайын - Қасым-Жомарт Тоқаев Вакцина алғандар COVID-19 науқасымен байланыста болса да, үй карантиніне жіберілмейді

Вакцинация науқаны басталғалы Наурызбай ауданында коронавирусқа қарсы екпені 3500 адам салдырды. Оның ішінде, 954 медицина қызметкері, 571 педагог, 138 полиция қызметкері, 45 студент, 51 ІІМ қызметкері, созылмалы аурумен ауратын 100 адам және 1 мың тұрғын бар.

«Өткен төрт эшелон бойынша 2910 адамға екпе салынды. Мұнда ең алдымен, иммунизацияны жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем көмегінің, реанимация, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің, қабылдау бөлімшесінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыскерлері алатынын атап өткен жөн. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары, бірінші сатыға кірмеген медицина қызметінің жұмыскерлері қамтылған. Үшінші кезеңде мектеп-интенаттар, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратындар, медициналық-әлеуметтік мекеменің қызметкерлері егіледі», - деп хабарлады басқармадан.

2 сәуірден бастап мегаполисте вакцинацияның 5 траншы басталды. Бүгінгі таңда қаланың барлық тұрғындары вакцинациядан өтуде. Вакцинаны алудың жалғыз шарты – қаланың кез келген емханасына тіркелу. Егер шетелдік азаматтың елде тұруға ықтиярхаты бар және ол емханаға тіркелген болса және медициналық көмектің барлық қажетті көлемін ала алатын болса оларға вакцина да қолжетімді.

«Күнделікті шамамен 60 адамға екпе салынады. Екпе салынғандардың барлығының жай-күйі жақсы. Осы уақытқа дейін бейтарап әсерлер анықталмады. Біздің азаматтарымызбен бірге шет ел азаматтары да вакцина алып жатыр. Бүгін мысалға, тұруға ыхтияр хаты бар, қаладағы емханаға тіркелген Оңтүстік Кореяның 5 азаматы келді. Олардың барлығы вакцина алды», - деді №36 Қалалық емхананың бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Венера Тохтахунова.

Наурызбай ауданы бойынша вакцинаны салу №7 қалалық клиникалық ауруханада, №26, 27, 36 қалалық емханаларында күнделікті таңығы сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. №36 қалалық емханада вакцина салу екінші қабаттағы 209 кабинетте, ал, екінші кезеңі- яғни, ревакцинация 1 қабаттағы 104 кабинетте жүргізіліп жатыр.

«Екпе алуға ниет білдіргендердің бәрін вакцинацияға шақырамыз», - деп атап өтті Венера Тохтахунова.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинациялауға өтінімді Egov мобильдік қосымшасы арқылы онлайн беруге болады. Екінші компонентті алу үшін екі рет өтініш берудің қажеті жоқ. Науқас 21 күннен кейін белгілі бір мекенжайға бару керек екендігі туралы хабарлама алады. Әрбір емханада колл-орталық бар, сондай-ақ 1406 қысқа нөмірі жұмыс істейді.

Еске салайық, бүгін Алматыда медициналық мекемелерден тыс нысандарда коронавирусқа қарсы егу пунктері ашылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT