+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Алматыда коронавирусқа шалдыққан әйел Цюрихтен ұшып келген

2020 жылғы 25 наурыз 13:00
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирусқа шалдыққан әйел Цюрихтен ұшып келген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдақасымова онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды Карантин кезінде мүгедектікті айқындау қалай жүзеге аспақ COVID-19: Нұр-Сұлтандағы госпитальдің қытайлық, өзбекстандық ауруханалардан айырмашылығы түсіндірілді

Оның айтуынша, қазір Алматыда инфекция жұқтырған 31 адам бар.

«Қазір Алматыда КВИ табылған 15 ошақ анықталды. Бұл көрсеткіш күн сайын өзгеріп отырады. Жаңадан тіркелген 2 жағдай бойынша айта кетейік. Оның бірі ауырған қыз баламен жақын қатынаста болған. Екіншісі әйел адам Цюрих қаласынан ұшып келген. Әуежайдан бірден таксимен үйіне жетіп, жалға алған пәтерінде оқшауланған. Бұл ошақ түгел зарарсыздандырылды. Туыстармен байланыс болмаған. Алғашқы белгілері шыға бастағанда емханаға хабарласқан. Тест нәтижесі вирус бар екенін көрсетті», - деді Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, адамдар коронавирус жұқпасын жақын қатынас кезінде жұқтыруы ықтимал. Мәселен адам егер науқаспен 15 минут бойы 2 метрден жақын қашықта сөйлесетін болса жұқтыруы мүмкін.

«Жоғарыда айтылған тұрғындар жақын қатынастағы адамдарға жатпайды. Олар тек қауіп жоғары жерде тұратындар саналады. Олардың барлығы қазір үй карантинінде оқшауланған. Жағдайын медицина мамандары телефон арқылы бақылауда ұстап отыр», - деді департамент басшысы.

Мұның алдында Алматыда 15 ауру ошағы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Атапайтқанда, Алатау ауданында - 2 ошақ: «Заря Востока» шағын айданы, Сары-ой көшесі, 234; «Аккент» шағын ауданы, 7. Алмалы ауданында - 4 ошақ: Желтоқсан, 125; Байтұрсынов, 78/1; Жароков, 16; Жароков, 7. Медеу ауданында - 3 ошақ: Зенков, 59; Достық, 162; Гоголь, 75. Жетісу ауданында - 2 ошақ: Еңлікгүл, 34а; Волочаевская, 51. Түрксіб ауданында - 4 ошақ: «Алтай-1» шағын ауданы, 8; «Жас Қанат» шағынауданы, 86, Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63 мекенжайларынан ауру табылды.

Сондай-ақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия жиынында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде жол картасы жасалатынын айтты.

Атап айтқанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде еңбекақыдан айырылған адамдарға 1 АӘК (42 500 теңге) көлемінде айлық төлем жүргізу мәселесі пысықталмақ. Көпбалалы отбасыларға, мүгедектер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық таратылмақ.

Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 79-ға жетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT