Алматыда коронавирусқа шалдыққан 76 науқас реанимацияда жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 860 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 137 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 113, симптомсыз 24 науқас тіркелді.

Инфекциялық стационарларда 860 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2 530 ), оның ішінде 40 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 76 адам жатыр. Ал 6 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 26 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 165 пациент бар, оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 956 науқас. 209 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар